Жылдамдық режимін арттырған 31 мыңнан астам жүргізуші анықталды
Павлодар облысының полицейлері 2020 жылы жылдамдық режимін арттырған 31 мыңнан астам жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір қарағанда, жылдамдық режимін сақтау қарапайым және түсінікті ереже болып көрінеді. Алайда көлік жүргізу кезінде жылдамдықты арттыру жол ережелерін бұзудың ең көп таралған түрлерінің бірі болып табылады.
Көлік жүргізу кезіндегі мұндай мінез-құлық жол-көлік оқиғаларын жасауға әкеп соқтыруы мүмкін.Біріншіден жылдамдықты арттыру – жүргізушілердің жылдам жүруді ұнатуының белгісі. Қазіргі заманғы автомобильдер жылдамдықты барынша арттыруға мүмкіндік береді. Жүргізуші жылдамдықты шектен тыс арттырудың қаншалықты қауіпті екенін жете бағаламайды. Кейде жолда жылдамдықты арттырудың себебі – жүргізушінің өзінің жүргізу қабілетін көрсетуге деген қарапайым ұмтылысының көрінісі болып табылады, соның салдарынан автокөлік жүргізушісі жылдамдықты асыра отырып, жолда қауіпті жағдай туғызады.
Жылдамдық режимін бұзушылар құқық бұзушылықтардың «анти-рейтингісін» басқарады. 2020 жылы Павлодар облысында осындай 31 436 жүргізуші анықталды.
– Жылдамдық режимін сақтау сіздің және жол қозғалысының басқа қатысушыларының қауіпсіздігі үшін өте маңызды, – деді Павлодар облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.