Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жол ережесін бұзған жүргізушіге хаттама толтырылды

Шымкентте жол ережесін бұзған жүргізушіге хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Конституциясында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп жазылған. Яғни, мемлекеттік құрылымдардың қызметі халықтың игілігіне, азаматтардың сұранысы мен талап-тілектеріне бағытталуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2019 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру туралы баяндап өткен болатын.

Қазіргі таңда аталған бағыт аясында Шымкент қаласы Полиция департаменті халықпен тығыз қарым-қатынас әрі тұрақты диалог орнатып келеді. Мәселен, азаматтар құқық бұзушылық жайттарына куә болса әлеуметтік желі көмегімен ресми парақшаларға жолдауда. Нәтижесінде аталған жайттарға қатысты заң аясында нақты шаралар қабылданып келеді. Сондай-ақ бұл үрдіс бір ізділікке қойылып кері байланыс жан-жақты жетілдірілуде. Назарларыңызға сала қызметкерлерінің осы бағытта атқарылған жұмысын ұсынамыз. 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Инстаграм желісіндегі ресми парақшасына әлеуметтік желі қоланушысы жол ережесін бұзу жайтының видео жазбасын жолдап, заң аясында шара көруді сұранған болатын.

Байтұрсынов және Мәделі Қожа көшелерінің қиылысында орын алған жағдайға байланысты Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері аталған автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы (Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау) бойынша хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру