Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Тергеу департаментінің басшылығы тараздық студенттерге дәріс өткізді

Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің басшылығы тараздық студенттерге дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің Басқарма бастығының орынбасары Ермек Шулден Жамбыл облысы Полиция департаменті мен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің өзара меморандумы аясында «Құқықтану» мамандығының студенттеріне дәріс өткізді. 

Онлайн режимінде өткен сабақта жауап алу тақырыбы, яғни процессуалдық және психологиялық сипаттамалар, тактикалық ерекшеліктер кеңінен баяндалды. Дәріс барысында сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісінің қатысушылары – жәбірленуші, куә, күдіктіден жауап алудың негіздері түсіндірілді. Өз кезегінде студенттер көптеген өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби маманнан жауап алды.

Сабақ соңында полиция подполковнигіне қызықты әрі қажетті құқықтық кеңес беріп, өз білімі мен тәжірибесімен бөліскені үшін студенттер алғысын жеткізіп, осындай онлайн кездесулерді жиі өткізуге ұсыныс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру