Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

6 дана аккумулятор ұрлаған қызылордалық құрықталды

Қызылорда облысының Сырдария ауданында шаруа қожалығынан 6 дана аккумулятор ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қаңтарда Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөліміне Қызылорда қаласының 1983 жылы туған тұрғыны арызданған.

Ол арызында қаңтар айының 15-інен 16-сына қараған түні белгісіз біреулердің А.Тоқмағанбетов ауылына қарасты №9 бекетте орналасқан шаруа қожалығындағы үйінің пластик терезесін күштеп ашып кіріп, күн көзінен тоқ алатын алты дана аккумуляторын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Аудандық тәртіп сақшылары өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 37 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты.

Күдікті аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ заттар алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға кіріп жасалған ұрлық ) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру