Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кепілдегі автокөлікті арзанға ұсынды: Алматыда әйел алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

А.есімді азаматша жалға алынған автокөлікті жүргізгені анықталды және дәл сол маркалы автокөлікті екінші деңгейлі банктен нарықтық бағадан төмен бағада сатып алуға уәде берді.

– Ұсталған – 1980 жылы туған А.азаматша «Тойота Камри 55» көлігін жалға алып, өзінің таныстарын банктерде дәл осындай кепілдегі көлікті бес миллион теңгеге сатып алуға көмектесетін «байланыстары» бар деп сендірді, ал бұл машинаның нарықтық бағасы жеті миллион теңгеден жоғары. Бағадағы айырмашылық аңғал азаматтарды қызықтырды және олар 3,5-4 миллион теңге алдын-ала төлемді кепілдіксіз берді. Айтпақшы, бұрын алаяқтық әрекеттері үшін сотталған қаскөйдің ауызша берген уәделерін орындау ойында да болған жоқ. Алған ақшасын өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсаған, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Көрсетілген адамның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар бізге келесі телефондар арқылы хабарласа алады: 8708-707-92-02; 8-705-771-13-71; 8-705-555-77-63, – деді Ысқақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру