Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада бөтен біреудің жеке куәлігімен несие ресімдеген алаяқ сотталды

Қызылордада бөтен біреудің жеке куәлігімен несие ресімдеген алаяқ бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласының тұрғынының атынан 2019 жылдың ақпан айында «Finbox» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 30 000 теңге және «Деньги населению» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 60 000 теңге несие ресімдеген алаяқ сотталды.

Қызылорда қаласының Полиция басқармасы қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жоғарыда аталған дерек бойынша 40 жастағы аудан тұрғыны құрықталып, тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Бұдан басқа, күдікті азаматтың басқа да алаяқтық деректеріне қатысы анықталып, аталған қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілді.

Оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігінің 4-тармағымен (Алаяқтық) бойынша дәрежеленіп,  қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қызылорда қаласының №2 сотының үкімінің негізінде айыпталушыға үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру