Алаяқ азаматша алматылықтарды «мүгедектік ресімдеуге көмектесемін» деп алдаған
46 жастағы әйел алматылықтарға «мүгедектік бойынша жәрдемақы алуға көмектесемін» деп алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласының Наурызбай ауданында өмір бойына мүгедектік туралы анықтама жасап беруге уәде берген әйел ұсталды.
– 1975 жылы туған азаматша тәжірибелі алаяқ болып табылады. Ол бұрын төрт рет сотты болған. Алаяқ зардап шеккендермен түрлі медициналық мекемелерде танысқан. Ол соңғы рет жәбірленушімен қала ауруханаларының бірінде емделіп жатқан кезде танысқан. Әйелдер бір палатада жатқан, соның салдарынан ол жәбірленушіні өмір бойына мүгедектік туралы анықтама алудың нақты мүмкіндігі бар екендігіне сендірген. Бұл әрекет жәбірленушіге 660 мың теңге шығын келтірген. Алғашында ол тіпті алданғанын да сезбеген, алаяқ әйел хабарласуды тоқтатқан кезде ғана бірдеңенің дұрыс емес екенін түсініп, полицияға хабарласуға мәжбүр болған, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Қылмыс алгоритмі өте қарапайым. Қарағанды облысының тумасы қатты қиналмай көп ақша тапқысы келген. Оның жоспары іске асып, қылмыстық кірісі үш миллион теңгеден асқан.
– Күдікті қазір қамауда. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша жүргізілуде. Қазіргі уақытта осыған ұқсас тоғыз эпизод дәлелденді. Бірақ біз бұл соңғы тізім емес деп ойлаймыз, сондықтан осы азаматшаны білетін және оның әрекеттерінен зардап шеккендердің барлығына 254-44-62, +7 707 447 0750 телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз, – деп қорытындылады ол.