Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 8 қылмыс ашылды
Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен сегіз қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 08-14 ақпан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына түрлі сипаттағы 6226 қоңырау келіп түсті.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен сегіз қылмыс ашылды. Олар: ұрлық – үш жайт, тонау – бір жайт, бұзақылық – екі жайт, тағы басқа да қылмыстар.
Айта кетейік, бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмысты ізін суытпай ашуға үлкен көмек көрсетеді.
Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 918 факті анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) – 26 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда мас күйінде болу) – 32, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) – 36, жол қозғалысы ережелерін бұзу – 740 және өзге де құқық бұзушылықтар.