Алматы полициясы матрастар мен тоңазытқыштардың «сатушысын» ұстады
Алматы полициясы матрастар мен тоңазытқыштардың «сатушысын» ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.31 жастағы Б.есімді азаматша – сериялық алаяқ. Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, ондаған адам оның қылмыстық әрекеттерінен зардап шекті.
– Тергеудің осы кезеңінде Б.есімді азаматшаның 10 қылмыстық эпизоды дәлелденді. Ол келесі әрекеттерді жасады: «OЛХ» және «Maркет.kz» платформаларында матрастар мен тоңазытқыштарды сату туралы хабарландырулар орналастырды. Содан кейін ол жәбірленушілерден электронды аударым арқылы тауарлар үшін алдын-ала төлем талап етті, сосын ол барлық контактілерді өшіріп, бұғаттады. Қазір күдікті ұсталды. Ол қамауға алынды. Б.есімді азаматшаның әрекеттерінен зардап шеккен бірақ кейбір субъекті себептер бойынша полицияға жүгінбеген адамдарды анықтау үшін оның қылмыстық әрекетінің тізбегін жария етудің іс-жүргізу қажеттілігі туындады, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.