Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүк көлігінің бөлшектерін ұрлаған қарағандылық қолға түсті

Қарағандыда жүк көлігінің бөлшектерін ұрлаған адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 ақпанда Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 39 жастағы ер адам жүгінді. Ол карьерлердің бірінде ауыр жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейтінін, жұмыс уақыты аяқталған соң, автокөлікті кәсіпорын аумағында қалдырып жүргенін айтты.

Ал белгісіз біреу көліктің дабылы жоқтығын пайдаланып, ауыр жүк көлігінен екі дөңгелек жиынтығы мен екі аккумуляторды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын мөлшері 530 мың теңгені құрайды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.

16 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 22 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақ заттар алынып, жәбірленушіге қайтарылды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру