Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық зейнеткер алаяққа жем болған

Теміртауда зейнеткер алаяққа жалған сәлемдеме үшін 380 мың теңге берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 ақпанда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескі қалалық полиция бөліміне 80 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Зейнеткер өзінің белгісіз біреудің алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болғанын түсіндірді.
Бейтаныс адамның айтуынша, әженің туыстары оған сыйлық беруді өтінген. Бірақ оны жеткізіп бергені үшін алаяқ зейнеткерден 380 мың теңге сұраған. Жәбірленуші бұл қулықтан бейхабар болғандықтан, қажетті соманы алаяққа аударып берген.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

15 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру