Шымкентте есірткі жарнамаларының көзі жойылды
Шымкентте есірткі жарнамаларының көзі жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы мен ерікті жастар есірткі жарнамаларының көзін жойды. Учаскелік полиция инспекторы мен белсенді жастар тұрғын үйлердің қабырғасында, сондай-ақ өзге де объектілерде есірткі құралдары мен психотроптық заттардың жарнамаларының үстінен бояп, оларды жою жұмыстарын атқарды.
– Аталған іс-шараның мақсаты – жастарға есірткінің зияндылығын түсіндіре отырып, саналыққа, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа шақыру. Бүгінде департамент қызметкерлерімен есірткі құралдарын интернет желісі арқылы таратумен, сондай-ақ олардың сілтеме парақшаларын графикалық сурет түрінде жарнамалаумен және насихаттаумен айналысатын адамдарды анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады, – дейді Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Азамат Кабулов.