Маңғыстауда адам өлтірген екеу ұсталды
Маңғыстауда адам өлтірген екі күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 18 ақпанда Бейнеу ауданының тұрғыны күйеуінің хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы аудандық полиция бөліміне арызданған. Әйелдің айтуынша, ер адам екі күн бұрын өз көлігімен кетіп, үйіне оралмаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Маңғыстау облысының криминалдық полиция қызметкерлері сол күні ер адамның автокөлігі мен мәйітін тапты.
2021 жылғы 19 ақпанда жоғалған адамды ұрып-соққанын мойындаған екі күдікті анықталып, ұсталды.Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.