Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Музей қызметкерлері полицейлер еңбегіне алғыс айтты

Шымкентте музей қызметкерлері полицейлер еңбегіне алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері Айгүл Жолбасханқызы Шымкент қаласы Полиция департаментінің музейіне келіп, тәртіп сақшыларының еңбегіне алғысын білдірді. Іс-шара  1 наурыз – «Алғыс айту» күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Бұл мереке – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.

Мереке қарсаңында музей қызметкері төтенше жағдай кезінде коронавируспен күресте алдыңғы қатарда ерлік көрсеткен полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Атап айтсақ, Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Мұхтар Бұхарбаев және Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Асхат Полатовпен арнайы сұхбаттасқан музей қызметкері тәртіп сақшыларына құнды тарихи деректердің жинағын сыйға тартты.

– Медициналық қызметкерлермен қатар полиция қызметкерлері коронавируспен күресте алдыңғы қатарда еңбек етті. Полиция қызметкерлері карантиндік шаралардың сақталуын қадағалап, бекеттерде жұмыс жасады. Отбасынан жырақта жүріп, қоғамдық қауіпсіздікті күзетті, – деді Мұхтар Бұхарбаев.


Мемлекет басшысы пандемияның қиын күндерінде көрсеткен еңбегі үшін “Халық алғысы” төс белгісін алған Асхат Аманжолұлы  да әріптестерімен қатар жаһанды жайлаған коронавирус індетімен күресте еңбек етті. 

– Төтенше жағдай кезінде халық игілігі үшін еңбек еткен қызметкерлерге мемлекет басшысының марапаты үлкен демеу. Біз артылған сенімді ақтауға тырыстық, – деді Асхат Полатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру