Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық ұры бөтен біреудің пәтеріне кілт іріктеу арқылы енген

Полицейлер пәтер ұрлығын жасаған ұрыны “ізін суытпай” құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 ақпан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 1973 жылы туған қала тұрғыны арызданды. Жәбірленушінің айтуы бойынша, 22 ақпан күні кешкілік уақытта белгісіз біреу үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, үйдің есігін кілтін іріктеу арқылы ашып, шкафтан ақша және “Самсунг А6” маркалы екі дана ұялы телефонды қолды еткен.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде  43 жастағы азаматша құрықталды.

Жәбірленушіге келтірілген материалдық және мүліктік шығын екі миллион теңгеден астам соманы құрайды. 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3 тармағы (Ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру