Сыр сақшылары «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде
Қызылордада 22-26 ақпан аралығында «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткінің заңды айналымы саласындағы қылмыстарды анықтау мақсатында өткізіліп жатқан «Дәрмек» іс-шарасының екі күнінде облыс полицейлері ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың үш дерегін және ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабымен (Лицензиялау нормаларын бұзу) көзделген құқық бұзушылықтың бір дерегін және ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабымен (Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу) көзделген құқық бұзушылықтың төрт дерегін анықтады.
Өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде 16 дәріхана, 1 қойма, 5 мекеме тексерілді.