Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ойыл аудандық пробация қызметінің қолдауымен есепте тұрған сотталғандар жұмысқа орналасты

Ойыл аудандық пробация қызметінің қолдауымен есепте тұрған сотталғандар жұмысқа орналасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ойыл аудандық пробация қызметі есепте тұрған жұмыссыз сотталғандарды аудандық жұмыспен қамту орталығында өткен жәрмеңкеге қатыстырды.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қорытындысымен, Ойыл аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған үш сотталған азамат квота бойынша, бір есепте тұрған азамат ақылы қоғамдық жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, үш сотталған азамат жұмыспен қамту орталығы жанынан ауылшаруашылық техникасын жүргізуді уйрену мақсатында қысқамерзімді оқу курсына тіркелді.

– Сонымен қатар, Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға әлеуметтік- құқықтық көмек көрсету мақсатында және қоғамға әлеуметтік бейімделуі үшін ҚР заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға мұқтаж бес сотталған азаматтың өтінішіне қатысты тиісті құжаттар толтырылып, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөліміне жолданды.
Құрылған арнайы комиссия мүшелерімен осы аталған бес сотталғанның өтініші қаралып, олардың әр қайсысына бірреттік 50 мың теңге болатын қаржылай жәрдемақының төлеуі туралы шешім шығарылды, – дейді Ойыл аудандық пробация қызметінің инспекторы Тимур Абытаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру