Түркістандық полицейлер тұрғындар мен мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Түркістандық полицейлер тұрғындар мен мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан ҚПБ Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мен ювеналды полиция тобының қызметкерлері отбасы-тұрмыстық саласында зорлық-зомбылық көрген әйелдердің үй-жайына барып, профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары мектеп ордасына барып кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге, мұғалімдерінің қатысуымен, карантин режимінің талаптарын сақтай отырып, “Зорлық-зомбылыққа жол жоқ” тақырыбында анкеталар толтыртып, жиналыстар өткізілді.
Қазіргі таңда Түркістан қалалық Полиция басқармасында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша 28 жайты тіркелсе, 73-2-бабы (Ұрып-соғу) бойынша 14 жайт тіркелген. Сондай-ақ, Түркістан қалалық полиция басқармасының 2021 жылдың екі ай көлемінде 70 адам қорғау нұсқамасына алынып, 15 адамға ерекше талап қойылған және 30 жанұя жайсыз отбасы ретінде тіркелді. Ал полицейлер мен тіркелген жайсыз отбасылар мен қорғау нұсқамасына алынған тұлғалармен жеке дара түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері зорлық-зомбылық немесе адамдарға жәбір көрсеткен жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Сондай-ақ, құқық бұзушылық жасауға, оның ішінде қоғамдық орында немесе көшеде заңсыз әрекеттер жасауға болмайды. Егер, сіз, осындай құқық бұзушылықтардың куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.