Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аягөз тұрғыны біреудің көлігін заңсыз иемденген

Гараждан автокөлік ұрлаған Аягөз тұрғыны құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аягөз аудандық полиция бөліміне 20 ақпанда 43 жастағы ер адам үйінің ауласындағы гаражында тұрған «ВАЗ»  маркалы автокөлігін белгісіз біреудің ұрлап айдап әкеткендігі туралы шағымданған. Жәбірленуші көліктің кілтін оталдыру тетігінде қалдырған. Ер адам материалдық шығынды 1 500 000 теңгеге бағалады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен бұрын сотталған Тарбағатай ауылының 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеп – тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру