Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері ардагерлерге алғыстарын білдірді

Алматы қаласының полицейлері ІІМ ардагерлеріне қызметтері мен тәлімгерлігі үшін ризашылықтарын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алғыс айту күні және көктемнің алғашқы күні Алматы қаласының полицейлері ішкі істер органдарының ардагерлеріне барып қайтты. Жас қызметкерлер ардагерлерге көмек көрсетіп, дәріханадан дәрілерін әкеп берді, аулаларындағы қарды тазалап, пәтерлерін жинап берді. 

– Ардагерлерді аралап, олардың адал қызметтері мен ақыл-кеңесі үшін алғыс айту дәстүрлі іс болып табылады. Ардагерлер қатарына тек Ішкі істер министрлігінің зейнеткерлері ғана емес, сонымен бірге Ұлы Отан соғысының қатысушылары, Ауған соғысының ардагерлері кіреді. Сондықтан оларға жиі бару, көңілдерін аулау және көмектесу өте маңызды. Бүгін біздің жас офицерлер ардагерлерге ризашылығын білдіруге барады, бірақ олар өздері де ардагерлерден алғыс алады. Кейін бұл офицерлерге де жас қызметкерлер келетін болады. Біз барлық ардагерлерге өз істеріне адалдықтары үшін, ортақ іске қосқан үлестері үшін және ақыл-кеңестері үшін алғысымызды білдіреміз, – деп қорытындылады Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

2016 жылдан бастап алғыс айту күні жыл сайын көктемнің алғашқы күнінде аталып келеді. 2021 жылы қазақстандықтар бұл мерекені бесінші рет атап өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру