Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мас жүргізуші көлік айдап жүрген

Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші мас күйінде машина айдап жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 1 наурызы күні түнде Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған жеңіл автокөлікті тоқтатқан. Автокөлікті басқарып келе жатқан 23 жастағы қала маңындағы ауыл тұрғыны болып шықты. Бұл азамат 2019 жылғы 6 қарашада үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру