Абай ауданы Полиция басқармасының фронт-офисі 2 аптада 245 азаматты қабылдады
Абай ауданы Полиция басқармасының фронт-офисі екі аптада 245 азаматты қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасына қарасты азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі ағымдағы жылдың 26 ақпанынан бастап жұмысын қайта жандандырған болатын. Осы уақыт аралығында аталмыш фронт-офис 245 азаматты әртүрлі мәселелерімен қабылдады.
Ондағы мақсат – мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету және халыққа қызмет көрсету сервисін заманауи талаптарға сай жүзеге асыру. Мұнда келген халық өзіне қажетті кеңесін алып, өтініштері мен басқа да құжаттарының қысқа мерзімде қабылдануына мүмкіндік алады.
Арыздардың басым бөлігі әкімшілік тәжірибе, қылмыстық істерді тергеу мәселелеріне қатысты болғандықтан, фронт-офис алаңында осы мәселелерге қатысты құзыретті қызметкерлер, яғни жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция бөлімдерінің қызметкерлері, анықтаушылар мен тергеушілер қызмет көрсетеді. Сіз ішкі істер органдарына қатысты мәселеңізбен өз ауданынызға қарасты Полиция басқармасының азаматтарды қабылдау бөлмесіне жүгіне аласыз.