Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда тәртіп бұзушылар 37 миллион теңгеден астам айыппұл төледі

Павлодар облысы тұрғындарының жол қозғалысын бақылау бойынша аппараттық бағдарламалық кешендермен тіркелген құқық бұзушылықтары 37 млн. теңгеден асты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол берілген бұзушылықтар үшін айыппұл салынды. Жыл басынан бері өңірде 4148 құқық бұзушылық анықталды.

Автокөлік жүргізушілері арасында бұзушылықтың ең көп таралған түрі – белгіленген жылдамдықты арттыру, ол 3511 рет.

Рейтингте екінші орында – жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен ұйғарылған талаптарды сақтамау, бұл бұзушылықты 495 тұрғын сақтамаған. Құқық бұзушылықтар рейтингісін – бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту жабады, облыстың 142 тұрғыны қызыл түске өткен.

Тұрғындар арасында «айыппұл көшбасшылары» бар. Мәселен, жыл басынан бері 69 жастағы зейнеткер жылдамдық режимін бұзғаны үшін бірнеше рет тіркеу жүйесінің камераларына түскен. Өткен жылы құқық бұзушы бірнеше рет камераларға тіркелген.

Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзу жолдағы ауыр зардаптарға әкелетінін атап өтті.

Тәртіп сақшылары автомобиль қозғалысының маңызды параметрі – жылдамдық, оны дұрыс таңдай алмау жол-көлік оқиғаларына әкелетінін ескертеді. Көлік құралдарының соқтығысу мен аударылу салдарынан жол-көлік оқиғасында зардап шеккен адамдардың 50 пайыздан астамы қаза болады. Жолда жарыс ұйымдастырмаңыз. Есіңізде болсын, қауіпсіздік – «жеңістерден» әлдеқайда маңызды.

Бүгінгі күні облыс орталығында жылдамдық режимдерінің бұзылуын және бағдаршамның қызыл сигналына өтуін анықтау үшін жол қозғалысын бақылау бойынша 37 аппараттық бағдарламалық кешен жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру