Шымкенттік полицейлер жылқы ұрлығын ашты
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының полицейлері жылқы ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғынның жылқысын ұрлап кеткен барымташыны қолға түсірді. Сонымен, Еңбекші ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Тоғыс елдімекенінің тұрғыны арызданған.
Аталған жайт бойынша №52 учаскелік полиция пунктінің тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктілерді қолға түсірді. Қазіргі таңда полицейлер күдіктілердің өзге де қылмысқа қатыстылығын тексеруде. Шымкент қаласының тұрғыны биесін тауып берген Еңбекші ауданы Полиция басқармасының басшылығына, №52 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері З.Пошатаев, М.Сарыбай, Н.Атамбаев, Ш.Әбдуәліге өз алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.