Қызылордалық полицейлер дағдарыс орталығындағы аналар мен балаларды Наурыз мерекесімен құттықтады
Қызылордалық полицейлер «Қамқорлық» дағдарыс үйіндегі аналар мен балаларды Наурыз мейрамымен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз мейрамы қарсаңында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс орталығында орналасқан «Қамқорлық» дағдарыс үйіне барды.
Қызылордалық полицейлер әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі дағдарыс орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Орталықта қиын өмірлік жағдайға тап болған 60-қа жуық әйел мен олардың балалары тұрады. Департамент қызметкерлері «Қамқорлық» дағдарыс үйіндегі аналар мен балаларды Наурыз мейрамымен құттықтап, мерекелік дастархан жайды.
– Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында «Қамқорлық» дағдарыс үйіне келіп, орталықты паналаған жандарға мерекелік көңіл-күй сыйлау туралы шешім қабылдады. Полиция қызметкерлері әрқашан көмекке келуге дайын – бұл бір реттік іс-шара ғана емес, біз осындай акцияларды әрдайым өткіземіз, – деді Қызылорда облысының ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы Артур Нұржанов.