Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері 4 мыңнан аса бетперде таратты

Шымкенттік полиция қызметкерлері төрт мыңнан аса қала тұрғынына маска таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Е.Жумаханбетовтің тапсырмасы бойынша полиция қызметкерлері демалыс күні халық жиі шоғырланатын орындарда және көлік жүргізушілеріне бетперде таратты.

Тәртіп сақшылары кезекті рет игі шараның барысында тұрғындарға қауіпті індетпен күресу барысында санитарлық ережелерді ұстанып, сақтық шараларын қолға алу маңызды екендігі түсіндірілді.

Полицейлер арнайы «I love Shymkent» жазуы бар бетперделерді шаһардың негізгі көшелері мен азаматтар жиі шоғырланатын орындарда таратты. Сондай-ақ тәртіп сақшылары автокөлік жүргізушілерін тоқтатып, оларға да бетперде берді. Бірлескен шара барасында полиция тарапынан төрт мыңнан астам бетперде таратылды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері сақтық шараларын барша қала тұрғындарын қатаң сақтауға шақырады. Өзіңізге және жақындарыңызға жанашыр болыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру