Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация қызметі сотталғанның жәрдемақы алуына көмектесті

Ақтөбеде пробация қызметі сотталғанның 140 мың теңге болатын бірреттік жәрдемақы алуына көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Алға аудандық пробация қызметі ҚР ҚК-нің 73-бабына сәйкес түзеу мекемесінен босатылып, есепке алынған сотталған В.-ның 140 мың теңге болатын бірреттік әлеуметтік жәрдемақыға қол жеткізуіне ықпал етті.

Аталған көмек - Алға аудандық пробация қызметінің ұсынысымен және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін бекіту туралы арнайы комиссия шешімімен тағайындалған болатын.

- Мұндай әлеуметтік көмек түрі - пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға түзеу мекемесінен босап шықаннан кейін олардың қоғамға бейімделуі үшін қарастырылған, - дейді Алға аудандық пробация қызметінің инспекторы Нияз Ахмет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру