Ертеңнен бастап Қызылорда облысында «Уылдырық-2021» жедел – алдын алу шарасы басталады
Қызылорда облысының аумағында балық уылдырық шашатын кезеңде браконьерліктің жолын кесу мақсатында 1 сәуір – 31 мамыр аралығында «Уылдырық-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізуді жоспарлауда.
Рейдтік іс-шаралар 1 сәуір – 31 мамыр аралығында Сырдария өзенінде, 20 сәуір – 10 маусым аралығында барлық су айдындарында, сондай-ақ 1 мамыр – 10 маусым аралығында Кіші Арал теңізінде өткізіледі.