Павлодарда полицейлер діни қызмет туралы заңнаманы бұзудың 7 фактісін анықтады
Павлодарда полицейлер діни қызмет туралы заңнаманы бұзудың жеті фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Арнайы іс-шараларды өткізу барысында Павлодар облысының полиция қызметкерлері Павлодар қаласының сауда үйлерінің бірінде 21 жастағы қала тұрғынының діни әдебиеттерді, атап айтқанда электронды Құранды сату фактісін анықтады.
Аталған факті бойынша бойжеткен ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 50 АЕК айыппұл салынды.
Полиция қызметкерлері діни әдебиеттерді белгіленбеген жерлерде сату, сондай-ақ тыйым салынған діни материалдарды сақтау және тарату әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.
2021 жылдың басынан бастап полиция қызметкерлері діни қызмет туралы заңнаманы бұзудың жеті фактісін анықтады, оның ішінде:
– Экстремистік материалдарды сақтаудың бір фактісі (ҚР ӘҚБК 453-бабы 3-бөлігі);
– Діни материалдарды заңсыз сақтаудың, таратудың және сатудың төрт фактісі (ҚР ӘҚБК 490-бабы 1-бөлігі);
– Тіркелмеген діни бірлестікке қатысудың екі фактісі (ҚР ӘҚБК 489-бабы 9-бөлігі).