Ақтауда 66 жастағы ер адам есірткімен ұсталды
Ақтауда 66 жастағы ер адам есірткімен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен Ақтау қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шаралары және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізіліп, бақылау мақсатында С. есімді азаматтан салмағы 1,9 грамм «героин» есірткісін сатып алу операциясы жүргізілді.
Бұдан әрі 2021 жылы 2 сәуірде сағат 15:00 шамасында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде тұрғылықты жері бойынша пәтерден 66 жастағы азамат С. ұсталды. Тінту барысында пәтерден:
– салмағы 30 грамм болатын «героин» есірткі заты бар шыны банкі;
– салмағы екі грамм «героин» есірткі заты бар бір қағаз түйіншек;
– бір дана «ПМ» маркалы тапанша және екі дана тапаншаның оқ-дәрісі;
– бір дана «Стражник» маркалы тапанша, тоғыз дана оның оқ-дәрілері;
– үш дана қолдан жасалынған пышақтар;
сондай-ақ, пәтердің тоңазытқышынан салмағы бес келіні құрайтын бекіре тұқымдас балықтардың төрт данасы табылып, алынды.
Одан әрі ұсталған азаматтың «Шығыс-1» ықшам ауданындағы салынып жатқан үйінде жұмысшы 60 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы болған. Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде үйден:
– бір дана «ОСА Лазер» маркалы тапанша, үш дана оның оқ-дәрілері;
– бір дана қолдан жасалған пышақ табылып тәркіленді.
Тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша ұсталған азамат Ақтау қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ал шетелдік азамат қазіргі уақытта қабылдау-тарату орнына орналастырылды.
Аталған қылмыстық іс бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалып, қосымша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.