Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

92 жастағы қызылордалық тыл ардагеріне жеке куәлік табысталды

92 жастағы қызылордалық тыл ардагеріне жеке куәлік табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері және ХҚКО-ның өкілдерінен мүмкіндігі шектеулі, зейнеткерлік жастағы адамдарды, көп балалы аналарды құжаттандыру үшін арнайы тұрғылықты жері бойынша үйлеріне баратын мобильді топтың жұмысы ұйымдастырылып, жұмыстары жалғасуда.

Бүгінгі күнге мобильді топтарымен барлығы 170 мың облыс тұрғыны құжаттандырылып, оларға дайын құжаттары табысталды.

Олардың ішінде 92 жастағы тыл ардагері Тлеубергенов Азим атаның жеке куәлігінің мерзімі өткеннен кейін CALL орталыққа хабарласып өтініш білдірді.

Ағымдағы жылдың сәуір айында көші-қон қызметкерлерімен тиісті құжаттар жинақталып, қысқа мерзімде жеке куәлікпен құжаттандырылды. Куәлік алған ақсақал полиция қызметкерлеріне өз ризашылығын білдірді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, құжатсыз жүрген азаматтардың құқықтық мәртебесін анықтау жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Жеке басын анықтайтын құжатсыз жүрген азаматтар құқықтық мәртебесін анықтау үшін жергілікті көші-қон қызметі құрылымдарына өтінішпен жүгіне алатындығын хабарлаймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру