Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин режимін бұзған ойынхана анықталды

Шымкентте карантин режимін бұзған ойынхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Карантиндік шектеулерді елемей, жұмысын жалғастырып жатқан кәсіпкерлік нысандары толастар емес. Әсіресе компьютерлік клубтар мен ойынханалар қаулы ережелерін өрескел бұзуда.

Ағымдағы жылы 10 сәуір күні сағат 01:09 шамасында мобильдік топ Шымкент қаласы Қазыбек би көшесі №30 үйде орналасқан «FS PLASTATION CLUB» компьютерлік ойынханасы карантин режимін бұзып, яғни жабық ғимаратта жұмыс жасап жатқаны анықталды.

Аталған жайтқа байланысты ойынхана әкімгеріне карантин режимін және шектеу шараларын сақтамай, карантин талаптарын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша іс-құжаттар рәсімделді.

Осы бойынша Әл-Фараби ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.

Оған қоса ойынханада отырған 19 тұрғынға түсіндірме жасалып, тарқатылды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді. Сондықтан талаптарды қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру