Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері көлікті айдап мініп кеткен күдіктіден қару тәркіледі

СҚО полицейлері көлікті айдап мініп кеткен күдіктіден қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 сәуір күні таңертең СҚО-дағы аудан орталығы Тайынша қ. тұрғыны көп қабатты үйдің ауласынан «Volkswagen Passat» автокөлігінің жоғалғанын анықтаған. Ер адам шұғыл полицияға жүгінген. Айдап әкеткен автокөлік Тайыншадан шығар жолда орналасқан бейнебақылау камераларына түсіп қалған екен. Камера жазбаларынан іздеу бағыты анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде «Volkswagen» автокөлігі Ленинградское ауылы маңындағы егістіктен табылды. Туыстарына келген Ақжар ауданының тумасы 33 жастағы елорда тұрғынының қылмысқа қатысы анықталды.

Бұрын ер адам мүліктік қылмыс жасағаны және есірткінің заңсыз айналымы үшін бірнеше рет сотты болған. Күдіктінің сөзіне қарағанда, ол үйіне өтіп бара жатқан көлікпен жетіп алмақшы болған және тас жолға бет алған кезде «Volkswagen» көлігін байқаған. Бұдан бөлек, көліктен пышақ, «Smersh» пневматикалық тапаншасымен мен оқтары қолды болғаны белгілі болды. Ұрланған заттар алынды, пышақ сараптамаға жіберілді. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) және 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

– Үй сыртына қойылған көлік құлыпталмаған болған, кілті оталдыру ұяшығында тұрған – бұл қылмыстың жасалуына түрткі болды, – деді Тайынша ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрлыжан Ақтанов. – Көліктің ішіндегі құнды заттар да қылмыскерлерді әрекет жасауға итермелейді. Жәбірленуші көлікті аулада қалдырса, айдап әкету қаупі де төмен болар еді. Үй ауласы жақсы жарықтандырылған, бір тұрғын үйге бес камера орнатты. Дәл осы камералар айдап әкеткен көліктің бастапқы қозғалысын көрсетті. Қазіргі уақытта учаскелік полиция инспекторлары бейнекамералардың қылмыстарды ашу мен алдын алудағы тиімділігін түсіндіре отыра, халықпен жұмыс жүргізуде, тұрғындардың басым бөлігі камераларды өз қаражатына орнатуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру