Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көлігінің терезесі күңгірттелген кезекті жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Шымкентте көлігінің терезесі күңгірттелген кезекті жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 19 сәуір күні Шымкент ҚПД ЖПБҚ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен Б.Момышұлы даңғылы мен Тәуке хан көше қиылысында «ЛАДА» маркалы автокөлігінің терезесі күңгірттелгені бойынша тоқтатылды.

Аталған автокөлікті тексеру барысында жүргізуші өзінің көлігіне арнайы дыбыстық құрылғыны заңсыз орнатып, терезесін күңгірттеп алғандығы анықталды. Тәртіп сақшылары жүргізушіге бұл әрекеттерін заңсыз екендігін түсіндірді.

Нәтижесінде жүргізуші жол жүру ережесін қайталап бұзғаны үшін оған қытысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жолда мұқият болуларыңызды және жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру