Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында тас жолда мас ер адам көліктерге кірпіш лақтырған

Ақмола облысында тас жолда мас ер адам басқа көлік жүргізушілеріне қатысты заңсыз әрекеттер жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде Целиноград ауданының полиция бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының 33 жастағы тұрғынының 18 сәуір күні кешке Қаражар ауылының маңындағы “Нұр-Сұлтан-Қорғалжын” автожолында белгісіз ер адам оның “Пежо 308” автокөлігінің терезесін сындырғанын хабарлаған өтініш келіп түсті. Жәбірленуші келтірілген шығын сомасын 150 мың теңгеге бағалады.

Қаскүнем мас күйінде тас жолда көлік тоқтатуға тырысқаны анықталды, бірақ жүргізушілер тоқтамаған. Содан кейін мас адам машиналардың біріне кірпіш лақтырған, оның иесі кейінірек полицияға арыз берді.

Қаскүнем Целиноград ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Құқық бұзушы елорданың 35 жастағы тұрғыны болып шықты, ол туыстарымен жанжалдан кейін ішімдік ішіп, үйден кетіп, адасып кеткен. Ол тас жолға қалай келгенін түсіндіре алмады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу туралы міндеттеме түрінде таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру