Қарағанды облысында ер адам жұмыс берушінің мотоциклін ұрлап кетті
Қарағанды облысында ер адам жұмыс берушінің мотоциклін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 сәуірде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне ауылдардың бірінен 31 жастағы кәсіпкер хабарласып, үйдің ауласынан біреу мотоцикл ұрлап кеткенін айтты. Шығын мөлшері 500 мың теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері аудан орталығындағы көшелердің бірінде 47 жастағы ер адам басқарған ұрланған мотоциклді ұстады. Ол жәбірленушіге көмекші жұмысшы болып жұмыс істеген болып шықты.
ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.