Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы тұрғыны білім беру саласындағы алаяқты ұстағаны үшін полицияға алғыс айтты

Алматы тұрғыны білім беру саласындағы алаяқты ұстағаны үшін полицияға алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол Алматы Полиция департаментінің басшылығына алғыс хат жазды.

– Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғандай, белгісіз әйел ер адамға қаладағы білім беру орталықтарының бірінде біліктілігін арттыруды ұсынған. Осы қызметі үшін ол 89 мың теңгені төлеуді сұрады және бұл ақшаны орталықтың кассасына салуға уәде берді. Шындығында, мүлдем басқа сурет пайда болды: Б.есімді азаматша ақшаны алып, оны өз қалауы бойынша кәдеге жаратып, жоғалып кетті. Алданған ер адам алаяқтық фактісі бойынша арыз жазған. Күдікті анықталып, жауапкершілікке тартылды, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

– Құрметті Қанат Даниярұлы, мен ҚР ішкі істер органдарының қызметкерлері атағына лайықты кәсіби қызметкерлер үшін тағы да зор алғысымды білдіремін және тергеуші Алмас Мұстафаны уақтылы, кәсіби жұмысы мен адамгершілік қасиеті үшін көтермелеуіңізді сұраймын. Мен қаланың барлық полицейлеріне қиын қызметте одан әрі сәттілік тілеймін, – деп аяқтады хатын Алматы тұрғыны.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру