Жеңіс күні қарсаңында 20-дан астам тыл ардагеріне ҚАЖ қызметкерлері құрмет көрсетті
Жеңіс күні қарсаңында 20-дан астам тыл ардагеріне ҚАЖ қызметкерлері құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отан қорғаушылар және Ұлы Отан Соғысының Жеңісіне 76 жыл толу мерекесі қарсаңында ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің қызметкерлері 20-дан астам тыл ардагеріне құрмет көрсетті.
Қызметкерлер санитарлық жағдайды сақтай отыра, ардагерлердің әрқайсысының үйіне жеке барып, ақшалай сыйақы мен азын аулақ азық-түліктерді табыс етті.
Осындай іс-шараларды ұйымдастырып, тыл ардагерлерін ұмытпай Жеңіс күні қарсаңында келіп құттықтағаны үшін тыл ардагері Зоя Андреевна мекеме басшылығына зор алғысын білдірді. Ал, Тамара Ивановна мен Антонида Николаевна өздерін құттықтап келген Виктор Петровичті жібермей құшақтап көздеріне жас алып, қызмет атқарған уақыттарын еске алды.
– Біздерді әрқашан естеріңізге алып, Жеңіс күні қарсаңында ұмытпай келгендеріңізге үлкен алғысымды білдіремін, – деп көзіне жас алды Зинаида Михайловна.
Сол кезде сегіз жасар Зоя Андреевна мен тоғыз жасар Тамара Ивановна Шығыс Қазақстан облысының Александровка кентінде үлкендерге көмек көрсетіп масақ жинап қой баты. Ал, Нина Ивановна болса Зайсан қаласында егіс алқабында масақ теріп көмектескен. Сонымен бірге, 11 жастағы Антонида Николаевна Алтай аймағындағы Змейногорск қаласында егіс алқабында жұмыс істеген.
– Осы кездесу барысында ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы әділет подполковнигі Виктор Петрович барлық тыл ардагерлеріне әлі де талай кездесетінін айтып денсаулық тіледі. Сонымен бірге, мекеме қызметкерлері жыл сайынғы дәстүрді жалғастыра отырып Мәңгілік алауына гүл шоқтарын қоюды ұйымдастырды, – деді мекеменің кадр бөлімінің бастығы Айнур Исбекова.