Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері соғыс ардагерін назарсыз қалдырмады

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/18 мекемесі қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет-ілтипат белгісін білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түзету мекемесі орналасқан Жаңғызтөбе кентінде тұратын соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтау жылдағы дәстүрге айналған. Биылғы жылы да, құқық қорғаушылар Акрамова Әсиман-әже және Бекбулатов Эльгиз, Толеуханов Зарықхан ақсақалдардың үйлерінде қонақта болып, қарттардың разылығына иеленді.
Әр ардагер үйлеріндегі шағын мұражайларымен таныстырды. Көрмеде медальдар мен ордендер, майданға жолдама құжаттары, госпитальдағы жазбалар, туған-туысқа жазған хаттары орналастырылған. Әр заттың өз тарихы, өз оқиғасы бар.

– Мені майдан Прибалтика елдерінен бір-ақ асырды, сол сәттерде елімнің қара топырағын қалай сағынғанымды айтып жеткізу мүмкін емес,- деген Эльгиз-ақсақал әр төсбелгісінің себебі мен ерекшелігін тізбектеп шықты.

Ал ардагерлеріміздің бірі – Әсиман әже әңгімесін өзгеше бастады:

– Мен соғыс жылдарын еске алғым келмейді, ол жылдардан ең ерекше есімде қалғаны – Жеңіске қол жеткізгендік туралы хабар, ол сәтті ұмыту мүмкін емес, – әжей көз жасын сүртіп болып, жалғастырды: – Сол сәттен бері бұл күн ерекше мерейлі күн. Қазір де, міне, барлық балаларым, немере-шөберелерім құттықтауға қасыма келіп отыр, осы бақытқа не жетсін?!

Құттықтауға келген қонақтарын күтуді балалары мен келіндеріне тапсырмай, ардагерлер осы күнге дейін ерлік пен батылдық символы секілді өздері алаңдап әуреге түсіп жүргендері офицерлер үшін ерекше үлгі.

– Осындай қарияларымыз – өнеге, ұлағат пен тағылымның дариялары, оларды ұмытпау және ұлықтау – біздің парыз, – деп мекеме бастығы орынбасары Жәнібек Сыдықов ұжымына Ұлы Жеңіс қарсаңында ұлағатты іске ортақ болғандары үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру