Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-ның бас полицейі Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

ШҚО-ның бас полицейі Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеуге орай ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев кадр саясаты жөніндегі орынбасары Ренат Унарбековен және ШҚО Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Галиевич Үдербаевпен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлері Құрмат Рахимович Рахимов пен Гавриил Васильевич Одинцовты құттықтады.

– Біздің әрқайсымыз Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін Жеңіс күніне орай өткізілетін салтанатты парад жүректерінде ерекше орын алатынын түсінеміз. Биыл коронавирустық пандемияға байланысты шерулер тоқтатылды, алайда біз ардагерлерімізді назардан тыс қалдыра алмадық, – деді Сағат Мадиев.

Полиция департаментінің бастығы өз құттықтауында жеңімпаз сарбаздардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын және олардың ерлігі жас ұрпаққа үлгі болатынын атап өтті. Сағат Мадиев соғыстан кейін ондаған жылдар бойы милиция қатарында қызмет етіп, қоғамдық тәртіпті қорғап, қылмыспен күресіп келген ардагерлер Құрмат Рахымұлы Рахимов пен Гавриил Васильевич Одинцовқа адалдығы мен Отанға қалтқысыз қызмет еткені үшін шын жүректен алғыс білдірді.

Майдангер Құрмат Рахимов Литва, Белоруссия, Кенигсбергті азат етуге қатысты. “Отан соғысы” орденімен, “Ерлігі үшін”, “Жауынгерлік қызметі үшін”, “Кенигсбергті алғаны үшін”, “Германияны жеңгені үшін” медальдарымен марапатталған.

Соғыс аяқталғаннан кейін Қарулы Күштерде қызметін жалғастырды, Түркіменстан — Иран шекараларында, қазақ-қытай, кеңес-жапон, кеңес-Америка шекара бөлімдерінде қызмет етті. Ішкі істер органдарында қызмет етті. 1981 жылы ШҚО ІІБ бастығының орынбасары лауазымында зейнеткерлікке шықты.

Гавриил Васильевич Одинцов Екінші дүниежүзілік соғыстың барлық әйгілі шайқастарына қатысты. Польша, Чехословакия, Германияны азат ету шайқастарына қатысты. Соғыстан кейін ол өмірін ғылымға арнады. Бүгінде құрметті демалысында ардагер атамыз кітап жазумен айналысуда. Оның кітаптары-тарих беттері, олардың өзіндік ерекшелігі- атамыз көзбен көргенін жазуда. Оның кітаптарының әр жолы-ұрпақ үшін баға жетпес мұра.

ШҚО ПД-да біздің аталарымыз бен әжелеріміздің сол сұрапыл соғыс жылдары жасаған ерлігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ардагерлеріміздің жасаған батырлығы мен батылдығы үшін Алғысты Жеңіс күнінде ғана емес, күнде айтсақ артық емес.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру