Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ПД басшылығы ІІО ардагерлерін құттықтады

Ұлы Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшылығы өңірдің ішкі істер органдарының ардагерлерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атап айтқанда, Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу қарсаңында Полиция департаментінің бастығы Алтынбек Қалиев, Болатбек Ақшауов және Жанар Ирғалиева, сондай-ақ облыстық ІІБ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нағашыбай Жариев облыстың ішкі істер органдарының ардагерлерін аралады.

Ардагерлердің әрқайсысы, атап айтқанда, Дүйсенғали Бердешов, Хамит Маматов, Құспан Бержанов, Любовь Тарасова, Орақ Машырықов, Бекболат Рамазанов, Қайырмағамбет Жанұзақов және Еділ Нұрманов ІІО – ның тұрақты және ауыспалы құрамының бойына өздері толық меңгерген Отан алдындағы парыз, патриотизм және тапсырылған іске жауапкершілік сезімі қасиеттерін тәрбие жолымен көрсете білді.

Гүл мен сыйлықтарын табыстай отырып, ведомство басшылығы ішкі істер органдарында ұзақ жылдар қызмет еткен және құрметті демалысқа шыққан ардагерлерге зор ризашылықтарын білдірді.

Сонымен қатар, бұл күні облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Алтынбек Қалиев қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция аға лейтенанты Әділет Тұрсынбековтың отбасына барды.

Әділет полиция қызметіне 21 жасында келді. Ол қызметте жүргенде қайтыс болған кезінде жасы 24 жаста болды. Әділеттің анасы Полиция департаментінің басшылығына осындай күндері назардан тыс қалдырмай, қайтыс болған әріптестерінің отбасыларына барып құрмет көрсеткендері үшін алғыс айтты.

Алтынбек Қалиев атап өткендей, бұл жандардың ерліктерін есте сақтау және құрметтеу, оларға лайықты болу – ұрпақтан ұрпаққа берілетін өсиет. А.Қалиев Әділеттің анасына гүл мен азық-түлік себетін табыс етіп, оған зор денсаулық, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тіледі.

Айта кету керек, Маңғыстау полицейлері ішкі істер органдарының зейнеткерлеріне үлкен қамқорлықпен қарайды. ПД-да, қалалық және аудандық бөлімшелерде де ардагерлер кеңестері белсенді жұмыс істейді, олардың төрағалары қамқорлыққа алынғандардың ешқайсысын назардан тыс қалдырмауға тырысады. ПД ардагерлер кеңесінің ақпараты бойынша, бұл күні Ішкі істер органдарының зейнет жасындағы барлық ардагерлеріне, мүгедектерге және олар барған әр отбасыға материалдық көмек көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру