Павлодар облысында отбасылық-тұрмыстық саласында 1200-ден астам құқық бұзушылық тіркелді
Павлодар облысында жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық саласында 1200-ден астам құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы ПД-нің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұловтың айтуынша, ағымдағы жылы біздің өңір аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 1200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған. Тұрақты негізде полицейлер осы проблеманы жоюға және оған жол бермеуге бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізеді.
– Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі себептері – алкогольге тәуелділік, жұмыссыздық, отбасының материалдық тұрақсыздығы, өз эмоциясын бақылай алмау, мінез-құлық мәдениетінің төмендігі және басқалар болып табылады, – деп атап өтті Ғ. Сарғұлов.
10 мамырда Екібастұз тұрғыны полицияға қоңырау шалып, жұбайы өзін агрессивті ұстайды, оған тіл тигізіп, ұрып-соғады деп шағымданды. Келген полицейлер отбасылық жанжалға қатысты қорғаныс ұйғарымын шығарды, сонымен қатар ол ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша жауапқа тартылады.