Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмоланың екі тұрғыны есірткі заттарын сақтағаны үшін жауапқа тартылды

Ақмоланың екі тұрғыны есірткі заттарын сақтағаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы Степногорск қаласының пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған 24 жастағы сотталған Бестөбе кентінде иесіз қалған ғимараттын бойында салмағы 1,09 грамм мөлшерінде кептірілген марихуанныны тауып алып, заңсыз сақтап жүргені үшін, ал 1998 жылы туған жігіт өзімен бірге салмағы 1,09 грамм «гашиш» есірткі затын заңсыз сақтап жүргені үшін Степногорск қалалық сотымен ҚР ҚК 296-бабының 2-тармағы бойынша жетпіс және алпыс сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуді атқару заңды күшіне енген сот үкімінің негізінде жүзеге асырылады. Оны тұрғылықты жеріндегі пробация қызметі, сотталғанның негізгі жұмысын, оқуын, жасы мен еңбекке қабілеттілігін ескере отырып, жергілікті атқару органдары белгілеген объектілерде атқарады.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаға сотталған адамдар қандай да бiр арнайы даярлықты талап етпейтiн, аумақтарды көрiктендiру, қосалқы, арту-тиеу жұмыстарымен т.б. қарапайым, қоғамдық-пайдалы жұмыстарды орындауға тартылуы мүмкiн.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеушi адамдар жаза өтеудiң белгiленген тәртiбi мен шарттарын сақтауға, еңбекке адал ниетпен қарауға, белгiленiп берiлген объектiлерде жұмыс iстеуге, тұрғылықты жерiн өзгерткендiгi жөнiнде дер кезiнде хабардар етуге, шақыру бойынша Инспекцияға келуге мiндеттi.

Осы талаптарды орынсыз себептермен орындамаған жағдайда сотталған адам заңдармен белгiленген тәртiпте жауапты болады. Қазіргі уақытта есірткі қолданушылар қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасын өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру