Шымкентте «Сергек» камералары арқылы 1044 ұйғарым тіркеуге алынды
Шымкентте «Сергек» камералары арқылы төрт айда 1044 ұйғарым тіркеуге алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Сергек» бейнекамераларына автокөлік жүргізушілерімен жылдамдықты асырған фактісі тіркеледі.
Көлік жүргізушілерінің құқық бұзушылықтар бойынша мекенжайларына хабарлама барған күннен бастап жеті тәулік ішінде салынған әкімшілік айыппұлдың 50 пайыз мөлшерін төлеуге мүмкіндігі бар.
Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2021 жылдың төрт айында «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы 1044 ұйғарым тіркеуге алынды.
«Сергек» жүйесі арқылы әкімшілік айыппұлдарды тіркеуден бөлек, қылмысқа және басқада құқық бұзушылықтарға қатысы бар автокөліктерді қала аумағындағы қатынасын анықтауға мүмкіндігі бар. Айта өтейік, «Сергек”жүйесі ауа-райының қолайсыз жағдайларына қарамайды. Барлық уақытта бір қалыпты жағдайда жұмыс жасайды.