Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткінің жолын кесті

СҚО полицейлері аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ірі көлемде синтетикалық есірткі сатқан адамның ізіне түсті. Қызылжар ауданының орталығы Бескөлдің 19 жастағы тұрғыны Петропавл колледждерінің бірінде оқиды, отбасы жақсы жағынан сипатталады. Жігіттің облыс орталығында жалға алған пәтерін тексерген кезде, ұнтақ тәріздес 341,1 гр. зат салынған бірнеше целлофан пакеті тәлкіленді. Ол наурызда ұсталған болатын, сараптама қорытындысы енді келді, оған сәйкес «тұз» деген атпен бәріне белгілі «альфа-PvP» есірткісі екені белгілі болды. Бұл адамға қатты әсер ететін синтетикалық психобелсенді зат. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, бұл аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау болып табылады.

– Қазіргі уақытта бұлтартпау шарасы таңдалуда, – деді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров. – Ұсталған жігіт 1700 жуық дозаны дайындауға жеткілікті болатын есірткіні, өзі қолдану үшін сақтадым деп отыр. Есірткіге тәуелді ретінде есепте тұрған жоқ. Жалға алынған пәтерден «тұздан» бөлек орайтын материал мен грамдап өлшейтін таразы анықталды. Басқарма қызметкерлері есірткіні өткізуге қатысы бар-жоғын тексеруде. Сонымен қатар, тергеу әрекеттері барысында тыйым салынған затты сатумен айналысқан интернер-ресурс тексеріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру