Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ қызметкерлерінің 90%-дан астамы вакцина алды

ІІМ қызметкерлерінің 90%-дан астамы вакцина алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер мен қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің 90%-дан астамы COVID-19-ға қарсы жоспарлы вакцинациядан өтті.

Министр Ерлан Тұрғымбаев бастаған ІІМ басшылығы да вакцина алды. Еліміздің бас полицейінің айтуынша, жеке құрамды вакцинациялау осы жылдың 6 наурызынан бастап жүргізілуде және ішкі істер органдарының барлық функционалдық және аумақтық бөлімшелерін, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесінің ұйымдарын, ішкі әскерлер мен ІІМ оқу орындарын қамтыды.

Полиция қызметкерлері қылмыстарды ашу және тергеу, оқиға орындарын тексеру, тергеу әрекеттерін жүргізу бойынша қызмет атқарады, жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ санитарлық бекеттерде қызмет етеді. Бұдан басқа, медицина қызметкерлерімен бірге карантиндік шараларды қамтамасыз етуге қатысады. Сондықтан COVID-19 жұқтыру қаупі бар.

 

– Жұмыстың ерекшелігін ескере отырып, ішкі істер органдарының қызметкерлері, медицина қызметкерлері сияқты, коронавирусқа қарсы вакцинацияның басым тобына кіреді. Бұл өзіңізді және жақындарыңызды қорғауға, әдеттегі өмір салтына тезірек оралу үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік беретін қажетті шара, – деп атап өтті министр.

Вакцинация туралы шешімді әркім өз бетінше қабылдайды. Екпе алуға ниет білдірген қызметкерлер алдын ала тексеруден өтеді. Медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар вакцинациялауға жатпайды.

Вакцинация жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру