Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз жол”: Маңғыстауда мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Маңғыстауда “Қауіпсіз жол” іс-шарасының алғашқы екі күнінде мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғаларына жол бермеу, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында көлік тәртібін арттыру, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және түсіндіру жұмыстары мақсатында 2021 жылғы 17 мамырдан бастап 16 маусымға дейін облыс аумағында “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

– Бір ай ішінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарды анықтап, жолын кесетін болады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда облыста жол-көлік оқиғаларының төмендеуі тіркелді, – деп атап өтті ПД бастығы Ж.Бақтыбаев.

Профилактикалық іс-шараның екі күнінде 955 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың ішінде жиі құқық бұзушылық – қауіпсіздік белдігін тақпау – 218. Ұялы телефонмен сөйлесу – 131. Сондай-ақ, осы екі күнде мас күйінде көлік құралын жүргізген 13 жүргізуші анықталды. 12 автоәуесқой жолдарда апатты жағдай жасады. Бағдаршамның тыйым салынған түсінен 50 жүргізуші өтті. Жаяу жүргіншілер де жол қозғалысы ережелерін бұзудан артта қалмайды – 146.
Осы және басқа да көптеген жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтар анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру