Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы желідегі алаяқтық құрбандарын іздеуде

Алматы полициясы желідегі алаяқтық құрбандарын іздеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық Бостандық аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімі 1-тармағына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді тіркеді.

– Сотқа дейінгі тергеу барысында 1982 жылы туған Ц. есімді азамат, халықты Instagram желісі арқылы “Automaton” ЖШС-нің 100% қатысу үлесімен директор және құрылтайшы бола отырып, Қазақстанға белгілі блогерлерді қатыстырып, салымшыларды тартқан, ол өзінің кеңсесіне шақырған және толық автоматта – Автоматон жұмыс істейтін ақша салынған желілік кәсіптің тұсаукесерін өткізген, сондай-ақ, салынған қаражатты көбейтуге уәде берген. Өзінің кәсіптік жобасын ұсына отырып, Ц.есімді азамат, әлеуетті салымшыларды олардың әрекеттерінің заңдылығына және салымнан кепілдендірілген сыйақы төлеуге сендірді. Сенгіш азаматтардан ақша алғаннан кейін салымдар бойынша пайыздық төлемдер жасамай және қарыздың негізгі сомасын қайтармай, заңсыз кәсіпкерліктің ұйымдастырушысы жоғалып кетті, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктінің тұрғылықты жері анықталуда.

– Егер сіз аталған компанияның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен болсаңыз, сіз Бостандық аудандық ПБ жанындағы ПБ-не немесе келесі байланыс нөмірлеріне хабарласа аласыз: 8-708-522-64-26 және 8-707-156-50-50, – деп қорытындылады Әбдрахманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру