Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада «Есептегі адам» профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

Қызылордада «Есептегі адам» профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері Қызылорда қаласы аумағында «Есептегі адам» профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл профилактикалық іс-шара есепте тұрған адамдар тарапынан қайталанған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Қызылорда қаласы бойынша 2461 адам есепте тұр, оның ішінде профилактикалық есепте – 476, ал тізімдік есепте – 1985 адам.

Рейдтік барысында басқармада профилактикалық және тізімдік есепте тұрған 1325 адам мекен-жайлары бойынша тексерілді, олармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді.
Бұдан басқа, іс-шараны өткізу кезінде 60 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды.
«Есептегі адам» жедел алдын-алу іс-шарасы нәтижесінде 56 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру