Шымкентте 150 адамға автокөлік көрмесін ұйымдастырғандар анықталды
Шымкентте 150 адамға автокөлік көрмесін ұйымдастырғандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы ПБ-ның қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік іс-шара жүргізуде.
2021 жылдың 23 мамырында кешкі сағат 19:30-да Ленгір тасжолы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтың алдында автокөлік көрмесі ұйымдастырылған. Ел аумағындағы эпидемиологиялық ахуалға қарамастан, карантиндік шектеулерді бұзып, ұйымдастырушы көрмеге 150 адамнан аса көлік жүргізушілерін жинағаны белгілі болды.
Аталған жайт бойынша карантин талаптарын ескермей, автокөлік көрмесін ұйымдастырған адамнан түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.